128x128

Түркия аумағынан көлемі 3,5 миллион унция (шамамен 99 тонна) болатын алтын қоры табылды. Anadolu мемлекеттік ақпараттық агенттігі Түркияның Сегют қаласынан табылған алтын қорының құнын 6 млрд долларға бағалап отыр. Сондай-ақ ашық кен орны әлемдегі ең ірі 5 алтын кенінің қатарына кіреді. «Біз қатты қобалжып отырмыз, бұл еліміздің экономикасы мен өңіріміздің дамуына үлкен үлес. Биледжикте кен орындары көп, бірақ осындай бай алтын қоры бізді қатты қуанып тұр», – деді Биледжиктің губернаторы Билал Сентурк. Кен орнын алдағы екі жылда өндіру туралы жоспарланып отыр.

https://turkystan.kz/



Информационные партнеры