128x128

2019 жылы Қазақстанда 89 миллион тонна мұнай өндіру көзделген. Үш ірі кен орнының үлесі 53,5 миллион тоннаны құрамақ. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің алқа отырысында ведомство басшысы Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды Kazpravda.kz тілшісі.

"Биыл Қазақстанда 89 миллион тонна мұнай өндіру жоспарлануда. Үш ірі кен орнының үлесі 53,5 миллион тоннаны құрайды. Бұл 2018 жылға қарағанда шамамен 1 пайызға немесе 438 мың тоннаға кем", – деді Бозымбаев.

Оның сөзіне қарағанда, көрсеткіштің төмен болуы Қарашығанақ, Теңіз және Қашағанда өтетін жоспарлы күрделі жөндеулермен байланысты. 

"Осылайша, биыл өндіру көлемі 11 миллион тоннаны құрамақ. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 миллион 200 мың тоннаға кем. Алайда, Қашаған мен Теңіздегі мұнай өндіру төмендемейді. 2018 жылдың көлемінен асыру межеленген", – деп түйді министр.



Информационные партнеры